ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ

Енгізілді: 03.03.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1788 рет

    Экономикалық саясат және халықтың экономикалық тәртібі бойынша жас ғалымдарға арналған VI Халықаралық ғылыми мектеп аясында 2020 жылдың 28 ақпанында РФ Президенті жанындағы Поволжск РАНХиГС Столыпин атындағы Басқару институты мен "Болашақ" университеті арасында халықаралық келісімге қол қойылды.

Осы құжаттың мақсаты Тараптардың мынадай міндеттемелерін қамтиды:

- бакалавриат және магистратура бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру;

 - ПОҚ және білім алушылардың академиялық ұтқырлығы;

- бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Поволжск институтының директоры Виктор Леонидович Чепляев пен "Болашақ" университетінің ректоры Қуаныш Дәуренбеков қол қойылған Келісімді жүзеге асырудың барлық мәліметтерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сонымен қатар, "Экономикалық психология" және "Конфликтология" бірлескен білім беру бағдарламаларын құру және жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер талқыланды.

Бұл келісім ұзақ мерзімді перспективада біздің жоғары оқу орындарының бірлескен қызметінің қосымша құндылығы мен маңыздылығын беретін өзара тиімді серіктестікке бастау алады деп үміттенеміз.