«Қаржы орталығы» АҚ кепіл еткен білім беру кредиті

Енгізілді: 01.04.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2130 рет

«Қаржы орталығы» АҚ кепіл еткен

білім беру кредиті

 

Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарында оқуға қолжетімділікті кеңейту мақсатында талапкерлер мен студенттерге негізгі қарыз сомасын төлеу мерзімін 10 жылға дейін шегере отырып, кепілсіз студенттік кредиттер алуға болады. Кредиттер бойынша кепілді қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Қаржы орталығының кепілдігі жүреді.

Артықшылықтары:

- жеңілдікті кезең (кейінге шегеру): негізгі қарыз сомасын өтеу оқу мерзімі аяқталғаннан кейін және оқуды бітірген соң 6 ай өткеннен кейін жүргізіледі;

- кредит мерзімінің ұзақтығы: 10 жылға дейін, айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар;

- кредит бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді;

- кредит сомасы бойынша шектеулердің жоқтығы (оқу құнынан аспайды);

- оқу орнын таңдау бойынша шектеу жоқ;

Қатысушы банктер:

- Нұрбанк;

- Тенгри Банк;

- Фортебанк.

Ресімдеу қадамдары:

Студенттің кредит алуы төмендегідейдей жүзеге асырылады:

1) талапкер/студент кеңес алу үшін банкке (Нұрбанк, Тенгри банк немесе Форте банк) немесе Қаржы орталығына жүгінеді, қажетті құжаттарды жинайды және оларды өз аймағындағы немесе оқу орны бойынша банкке тапсырады;

2) банк пен Қаржы орталығы тарапынан оң шешім қабылдағаннан кейін банкпен қарыз шарты жасалып, кредит сомасы оқу орнының шотына аударылады;

Студенттік кредитті алу үшін негізгі жұмыс орны бойынша табыстары және соңғы 6 айға зейнетақы аударымдары бар бір/екі тең қарыз алушының болуы талап етіледі.  

Қосымша ақпарат:

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-ы, 18

www.fincenter.kz  www.credit.fincenter.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«AQYL» білім беру депозиттері

 («Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы Қазақстан Республиасының Заңымен бекітілген)

 

            Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) ҚР-ның әрбір азаматына өзіне немесе баласының атына Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарында және шет елдерде оқу ақысын төлеу үшін "AQYL" білім беру депозитін ашуға мүмкіндік береді. Аталмыш жүйенің операторы "Қаржы орталығы"АҚ болып табылады.

            Депозитке МБЖЖ-ға қатысушы банктен жылдық 10% сыйақы мен жыл сайын       5%-дан бастап мемлекеттен сыйлықақы есептеледі:

 

Мемлекет сыйлықақысы  

5 немесе 7 %

Банктің сыйақысы 10 %

Салым бойынша кірістілік             17 %-ға дейін

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру жинақтау салымының негізгі ерекшеліктері:

  • Сыйлықақының үстемелену мерзімі – жыл сайын 20 жыл ішінде (МБЖЖ іске қосылғалы беру шамамен 2,6 млрд. теңге сыйлықақы төленді, 2020 жылдың ақпан айында 1 068 млн. теңге төленеді);
  • Минималды бастапқы жарна – 3 АЕК (2020 жылы 7953 теңге), (одан әрі қарай толтыруға уақыт пен сомасы жағынан шектеу жоқ);
  • Қазақстанда және шетелде оқу, ЖОО-лар мен колледждер бойынша шектеусіз;
  • Жинақталған қаражат жеткіліксіз болған жағдайда білім беру креитін ресімдеу мүмкіндігі бар.

 

Салымдардың сақталуы:

  • Табыс түрі ретінде мемлекет сыйлықақысына салық салынбайды;
  • Білім беру депозиттері 10 млн. теңгеге дейін мемлекет тарапынан сақтандырылған;
  • Үшінші тұлғалар тарапынан қандай да бір ауыртпалықтар мен өндіріп алуларды жүргізу мүмкін емес, бұл заңмен бекітілген;
  • Жылына бір рет салымды бір қатысушы банктен екіншісіне аудару мүмкіндігі бар;
  • Білім беру депозитін ашу шарттары "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген (2013 ж.).

 

 

Қатысушы банктер:

- Халық банкі;

- Нұрбанк;

- Жусан Банк;

- ВТБ Банк.

 

Депозитті ашу үшін қажетті қадамдар:

1 - қадамҚалаңыздағы МБЖЖ-ға қатысушы банктердің біріне жүгіну;

2 - қадам – кемінде 3 АЕКбастапқы жарнаны енгізу;  

3 - қадам – Қаржылық мүмкіндіктерге қарай банк кассасы, мобильдік қосымшалар, Қазпошта сайты арқылы толтыруға болады.

 

Қосымша ақпарат:

Нұр-Сұлтан қ.,  Мәңгілік Ел д-ы, 18

www.fincenter.kz    www.depozit.fincenter.kz