ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Енгізілді: 05.11.2021Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2157 рет

ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

 

"Қызылорда облысының білім басқармасының "№ 7 арнайы түзету мектеп-интернаты" КММ мен Қызылорда "Болашак" университеті арасындағы өзара қызметтік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында "Педагогика, дефектология" кафедрасының филиалы ашылып, өз жұмысын бастады. Теориялық білімді өндірістік практикамен ұштастыра оқыту барысында дуалды оқыту жүйесі негізінде 5 жыл мерзімге, келісім-шартқа қол қойылды.

Мақсаты-бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, оқу процесінің практикалық бағытын күшейту, ғылыми зерттеулерді жүргізу және нәтижелерін өндіріске енгізу болып табылады. Студенттер оқу процесінің барысында білікті мамандардың жұмысына тікелей араласып, ерекше білімді қажет ететін балаларға түзете-дамыту жұмыстарын тиімділігін арттыруда, теория кезінде танысқан жаңа технологияларды қолдануды тәжірибе барысында меңгереді. Филиалдың ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді араласа отырып, екі жақты дамиды десек болады. Осы тұста екі жақты даму мен білімді ұштастырудың сапалы қырлары ашылады. Бұл Университет тарапынан студенттерге беріліп отырған үлкен мүмкіндік.