Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қызылорда «Болашақ» университеті

Енгізілді: 05.10.2022Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 4904 рет

Қазақстан Республикасы Ғылымжәнежоғарыбілімминистрлігі

Қызылорда «Болашақ» университеті

 

Құрметті әріптестер, білім алушылар!

 

Сіздерді Қызылорда «Болашақ» университетінің Құрылтайшысы, PhD, белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз Досманбетова Зейнегүл Рамазанқызын еске алуға арналған «Заманауи ғылыми зерттеулер: көкейтесті мәселелер, жетістіктер және инновация» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

Өткізілетін уақыты: 2022 жылдың 7 қазаны

Ұйымдастырушы: «Болашақ» университеті

Конференция аясында төмендегі секциялар жұмыс жасайды:

Секция 1. Жаһандану дәуіріндегі филологиялық білім, мәдениет және оқытудың инновациялық технологиялары;

Секция 2. Білім берудің ақпараттық жүйесіндегі педагогикалық- психологиялық құзыреттілектерді қалыптастыру;

Секция 3. Жаңа Қазақстан тарихы және құқықтану мәселелері;

Секция 4. Экономиканы инновациялық тұрғыдан модернизациялаудың басым бағыттары;

Секция 5. Техника мен технологиядағызаманауиинновациялар

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Материалдардың жариялануы тегін.

 

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:

Парақтың бірінші қатарының үстіне сол жақта міндетті түрде ӘОЖ көрсетіледі.

● Беттің ортасына мақаланың  атауы көрсетіліп,  төменгі  оң  жақ  бұрышына автордың  аты-жөні,  астына ұйымның, қаланың атауы  жазылады.

● Жол шеті:  үсті –2 см, асты –2 см, сол жағы –2,86см, оң жағы –3,81см.

Шрифт: Times New Roman, Кегль – 14.

  • Жол арасы  – 1 интервал, азат жол –1,25см.

Ені бойынша теңестірілуі керек.

Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада [1,33 б.], әдебиеттер тізімі пайдалану ретімен мақаланың соңында беріледі.

Қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде қысқаша түйіндеме (резюме) жасалады.

Графикалық компоненттер (карта, схема, диаграмма және т.б.) jpeg, gif, tif, pdf  форматтарында бөлек файлдармен беріледі.

Мақала көлемі 5 беттен аспауы тиіс.

Конференцияға қатысу үшін мақаланың электрондық үлгісі                 2022  жылдың 3 қазанына дейін otdel_nauki22mail.ru электрондық почтаcына жіберілуі тиіс. Материалдар жинағы тек электронды түрде жарыққа шығады. 

ЕСКЕРТУ: Жіберілген басылымның мәтіні өңделмейді және түпнұсқа болып табылады. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талапқа сай келмейтін материалдар кері қайтарылмайды және қаралмайды.

 

Байланыс телефондары мен ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

120000, Кызылорда қаласы, Сол жағалау,111.

Факс:  8(7242) 23-45-15, тел.: 8(7242) 23-45-15, 8(7242) 23-45-11

E-mail: bolashak_5@mail.ru (Хат тақырыбы: «Республикалық ғылыми - тәжірибелік конференция» үшін)