Қазақстан Республикасында химиялық және мұнай-химия машина жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету тұжырымдамасын дамыту

Енгізілді: 20.04.2023Қаралғаны: 2461 рет

Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан Республикасында химиялық және мұнай-химия машина жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету тұжырымдамасын дамыту» нысаналы бағдарламасының жұмысын орындау аясында  Қызылорда ашық университетінің «Болашақ» құрылымдық бөлімі Инжиниринг және логистика кафедрасының ұйымдастыруымен 11.04.2023ж. «Қызылорда облысының мұнай кен орындарын игеру кезінде ғылыми-техникалық қамтамасыз ету тұжырымдамасын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Онда мұнай-газ саласының заманауи мәселелері және өңірде білікті кадрлар даярлау  жұмыстары  талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысына баяндамаларымен қатысты:

Досжанов Мақсұт Жарылқасынұлы- Қызылорда ашық университеті "Болашақ" құрылымдық бөлімі "Инжиниринг және логистика" кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы.

Ху Шитао - ТузкольМунайГаз Оперейтинг ЖШС, сатып алу және шарттар департаментінің менеджері.

Жүсіпов Күмісбек Әмірханұлы - "ТузкольМунайГаз Оперейтинг" ЖШС Қызылорда филиалы, директордың кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары.

Исламбердиев Жарас Асанұлы- Казгермұнай БК ЖШС, Өндірістік-техникалық басқарманың жетекші инженері.

Мырзабаева Динара Серікқызы – И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі.

Тасболат Ғалымжан Жұмабекұлы, Қызылорда ашық университетінің "Болашақ" құрылымдық бөлімшесінің "Инжиниринг және логистика" кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты.

Сондай-ақ, "Инжиниринг және логистика" кафедрасының ПОҚ, шақырылған қонақтар мен студенттер қатысты.

"Қызылорда облысының мұнай кен орындарын игеру кезінде ғылыми-техникалық қамтамасыз ету тұжырымдамасын дамыту" тақырыбындағы дөңгелек үстел мәселелерін талқылау қорытындысы бойынша өңірде жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау шеңберінде қойылған міндеттерді орындау бойынша қарар қабылданды, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетімен меморандумға қол қойылды, сондай-ақ ҚХР Циндао қаласының Мұнай университетімен меморандумға қол қою ниеттері туралы оң шешім алынды. Басшылық атынан интернационализация және инновациялық даму жөніндегі проректор, з.ғ.к. Арғынбекова Гүлнар Ишанбекқызы дөңгелек үстел баяндамашыларына алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етті.