“Экономика, аудит, бизнес және басқару” кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12 сәуірінде “Жастар кәсіпкерлігін қалыптастыруды дамыту және ынталандыру” тақырыбында ауқымды дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Енгізілді: 20.04.2023Қаралғаны: 2254 рет

“Экономика, аудит, бизнес және басқару” кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12 сәуірінде “Жастар кәсіпкерлігін қалыптастыруды дамыту және ынталандыру” тақырыбында ауқымды дөңгелек үстел отырысы болып өтті.  

Дөңгелек үстел барысында студенттердің кәсіп бастауы үшін мемлекеттен көрсетілетін қызметтер спектрі таныстырылып, мемлекеттік бағдарламалар шарттары мен талаптары талқыланды. Университет білім алушылары ұсынатын инновациялық жобаларға мемлекет тарапынан  гранттық қаржыландыру және қолдау тетіктері туралы тың ақпарат алды.

Дөңгелек үстел жұмысына келесі қонақтар қатысты:

Шайнурова Г.С. —  Бизнеске арналған үкімет КММ Қызылорда қаласы бойынша қызмет көрсету бөлімінің басшысы;

Исламова Ә.А. —  Инвестиция тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің маманы;

Дуйсенбеков М.Д.  — "Банк центркредит" АҚ Қызылорда қаласындағы филиалы директоры;

Камзаев Д.  — Шағын және орта бизнес бойынша жоба менеджері;

Қарымсақова Г.Р. — Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы;

Сәдуақасов Т.  — Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;

Калмаганбетова С.Ж. — Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның

Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының бағдарламаларды жылжыту бойынша бас менеджері;

Алушаева А.Г. — Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы.

Білім алушылар сала мамандарынан сұрақтарына жауап алып, эксперттік көзқарастарға қанық болды. Кафедра меңгерушісі э.ғ.к. Жусупова Гүлназ Аппазовна университет атынан келген қонақтарға алғыс білдіріп, аталған мекемелермен ынтымақтастықты одан әрі дамытатынын атап өтті.