3.03.2023ж «Жаңа реттеу саясатын енгізу шеңберінде «таза парақтан» тақырыбындағы семинар

Енгізілді: 03.03.2023Қаралғаны: 2331 рет

Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Қызылорда ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімінде Академиялық мәселелер жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен семинар өткізілді.

Семинарға «Болашақ» құрылымдық бөлімінің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, 20-21 ақпан күндері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Жаңа реттеу саясатын енгізу шеңберінде «таза парақтан» тақырыбындағы семинарында қамтылған мәселелер жөнінде мағлұмат берілді.

Семинарда академиялық, кадрлық, бюджеттік саясат, ЖОО ғылымы, цифрлық инфрақұрылым, нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер, жоғары білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары  сынды мәселелерге тоқталды.