Біліктілікті арттыру - табысқа жетелейтін жол.

Енгізілді: 10.03.2023Қаралғаны: 2313 рет

Біліктілікті арттыру - табысқа жетелейтін жол.

 

Қазіргі таңда мамандық туралы сөз қозғалғанда көптеген күрт өзгерістер болып жатқанын айтпауға болмайды.Өмір өзгеріп, жаңа тың идеялар туындауда.Оқытушылар сол өзгерістерге назар аудармай тұра алмайды.Заман ағымымен ағып отырады.Қазіргі таңда әр жыл сайын білім беру саласындада көптеген өзгерістер болып, кәсіби талаптар қойылуда.

Қалыптасқан дәстүрлі алған білімдеріміз қазіргі технологиялардың ағымына ілесе алмай қалады.

Біліктілікті арттыру курстары мұғалімдердің шығармашылығына зор ықпалын тигізетіні анық.

Білімалушының жетістігі мен білімнің сапасы оқытушының дайындық деңгейіне тікелей байланысты екені белгілі.Дайындық деңгейі мен кәсіби шеберлігі әр уақытта өсіп өзгеріп отыруы керек.Осындай дайындықтардың өсуіне біліктілікті арттыратын курстар оң әсерін  тигізеді.

Осы орайда,  Қызылорда ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімінде "Құқықтану және қоғамдық пәндер" кафедрасының тәжірибе маманы  Қызылорда Полиция Департаментінің қызметкері  Райханов Ильяс Қазақстандық полицияның қызметкерлері үшін  білікті арттыру курсында өз білімін жетілдіріп келді.

Әріптесіміз Райханов Ильяс Қазақстан Республикасы ІІМ  Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында "Балистикалық зерттеу әдістемесі" тақырыбында өз тәжірибесімен қоса жинақтаған білімі мен шеберлігін алдағы уақытта білімгерлер мен әріптестер арасында бөлісіп, үлкен жетістіктерге жететініне сенімдіміз.

Өйткені, біліктілікті арттыру кәсіби мамандарды дайындауда қазіргі таңда үлкен септігін тигізетіні анық