Ғалым- ұстаз көкжиегі.

Енгізілді: 12.04.2023Қаралғаны: 2294 рет

Ғалым- ұстаз көкжиегі.

Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылық кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пәнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде әлемде ғылым мен жаңа техногияларды дамыту өзекті тақырыптарының бірі. Ғылыми әлеует, ғылыми техникалық ресурстар көбінесе әрбір елдің әлемдік қауымдастықтағы алатын орнын анықтайды, оның әлеуметтік-саяси экономикалық мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан, ғылым саласын дамытуда бүгінгідей ауқымды шаралардың маңызы зор болмақ.

«12 сәуір Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне» орай «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Дулатов Ықылас Дулатұлымен «Құқықтану» мамандығының 1 курс білім алушылары Юп-22 оқу тобы кездесу өткізді.  Кездесу барысында Ы.Дулатұлы келелі, ғибратты әңгімелерімен бөлісті. Ы.Дулатұлы тәжірибесімен бөлісе отырып, ғылым жолына қалай келгендігін, ғылыммен шұғылданудың қаншалықты маңызды екендігіне тоқталып, өзінің  естеліктерін айтты. Білім алушылар ұстаз-ғалымның еңбектерімен танысып, рухани азық ала алды. Олар өздерін қызықтарған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, алдағы уақытта ғылыми жұмыстармен айналысуға ниетті екендіктерін білдірді.