Жатақхана тынысы
Енгізілді: 04.05.2023Қаралғаны: 105 рет
Жатақханатынысы
Қызылорда ашық университтеті "БОЛАШАҚ" құрылымдық бөлімшесінің жатақханасында «Педагогика, психология және өнер» кафедрасының аға тәлімгері Ұ.Ж.Жүнісованың ұйымдастыруымен «Қанеки қыздар!» тақырыбында байқауы өткізілді.
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
Студенттер «Сәлемдесу», «Өз өнері», «Сұрақ - жауап», «Кім жылдам», «Шаш өру кезеңі» және «Сән үлгісі» кезеңдері бойынша жарысты.
Сайысты әділ бағалауға келген әділ қазылар құрамы: Таншолпан Қазыбекқызы,Әселхан Талғатқызы мен Гүлжан Бақтыбайқызы.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Жұлдыздар тобы жеңіске жетті.
Жеңіске жеткен топ сыйлықтармен марапатталды.
Жатақхана білім алушы қыздарға керемет көңіл күй сыйлаған оқытушыларға рахметін жаудырды.