2023 жылдың 10 мамыр күні Қызылорда ашық университетінің «Болашақ» құрылымдық бөлімшесінде Филология, журналистика және тарих кафедрасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби – әлемнің екінші ұстазы, философ әрі ғалым» тақырыбында семинар өтті.
Енгізілді: 24.05.2023Қаралғаны: 34 рет
2023 жылдың 10 мамыр күні Қызылорда ашық университетінің «Болашақ» құрылымдық бөлімшесінде Филология, журналистика және тарих кафедрасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби – әлемнің екінші ұстазы, философ әрі ғалым» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Фарибитанушы Медетбаев Тасболат әлемдік философия мен ғылымдағы Әл-Фараби мұрасы, Әл-Фараби және түрік халықтарының философиясы, заманауи Қазақстан философиясы: негізгі мәселелері мен келешегі туралы сөз қозғады.
Сонымен қатар сәуір айында филология ғылымдарының кандидаты Т.Медетбаев «Әлем мәдениетіндегі Әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым» атты философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Жақыпбек Алтайұлының 75 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады.
Ғалым семинар барысында конференциядан алған әсерімен де бөлісе кетті.
Семинар соңында оқытушылар мен студенттер Фарабитанушыға сұрақтар қойып, жылы лебізін білдірді.