2023 жылдың 24 сәуірінде Қызылорда ашық университетінің «Болашақ» құрылымдық бөлімшесінде «Ғылым және XXI ғасыр жастары» тақырыбында білім алушылардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Енгізілді: 24.05.2023Қаралғаны: 3231 рет

2023 жылдың 24 сәуірінде Қызылорда ашық университетінің «Болашақ» құрылымдық бөлімшесінде «Ғылым және XXI ғасыр жастары» тақырыбында білім алушылардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

 

Конференция мақсаты білім алушыларды қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, олардың шығармашылық белсенділігін дамытуға, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

Жалпы конференция 4 ғылыми бағыт бойынша жұмыс жасалды. Олар:
1. Гуманитарлық ғылымдар;
2. Техникалық және математикалық ғылымдар;
3. Жаратылыстану ғылымдары және медицина;
4. Әлеуметтік және экономикалық ғылымдар;
Оның ішінде «Жаратылыстану ғылымдары және медицина» секциясы бойынша жалпы 29 студент өз баяндамаларын ұсынған.

Олардың ішінен Қызылорда медициналық колледжінің студенті Аймагамбетова Ардақ Мажитқызы, «Болашақ» жоғары колледжінің студенті Жарылқасын Жандос, Сейтқасым Нұрдаулет, «Өркениет» медициналық колледжінің студенті Амангелдиева Жібек Мұханқызы, Қызылорда ашық университеті "Болашақ" құрылымдық бөлімшесі «Экология» мамандығының 3 курс студенті Райымбекова Нұрай Берікқызы, «Экология» мамандығының 2 курс студенті Жеңісбек Гүлдана және «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының 2 курс студенті Қаппаров Рамазан Кенжебекұлы өз баяндамаларын  оқыды.

Конференцияда белсенділік танытқан студенттердің тың еңбектері бағаланып,  1,2,3 орын иегерлері анықталып, алғыс хаттармен марапатталды. 

Білім алушылар арасында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы анықталды:

1-орын иегері Аймагамбетова Ардақ Мажитқызы, Ғылыми жетекшісі: Медеуова Ақмарал  Маратбековна

2-орын иегері Амангелдиева Жібек Мұханқызы, Ғылыми жетекшісі: Тохпанова Жанна Серикбековна

3-орын иегерлері Райымбекова Нұрай Берікқызы, Ғылыми жетекшісі: Муханов Нурлан Борибаевич және Қаппаров Рамазан Кенжебекұлы Ғылыми жетекшісі: Мадиров Ақан Сатаевич.

Сондай-ақ ғылыми іс-шараға қатысушы барлық студенттерге конференцияға қатысқандығын растайтын арнайы сертификаттар табысталып, үлкен алғыс білдірді.