2023 жылдың 16 мамыр күні Қызылорда ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімінде қаламыздың мектеп бітірушілеріне арналған Ашық есік күні болып өтті.

Енгізілді: 24.05.2023Қаралғаны: 4001 рет

2023 жылдың 16 мамыр күні Қызылорда ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімінде қаламыздың мектеп бітірушілеріне арналған Ашық есік күні болып өтті.

 

 

 

Шараға қала мектептері мен колледждерінен 200-ден аса оқушы мен олардың мұғалімдері қатысты.

Олар 14 қабатты кампусты аралап, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.

Оқу орнының атриум залында өткен жиында алдымен сөз алған академиялық мәселелер және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, ф.ғ.к. Г.Ж. Снасапова білім ошағы туралы оқушыларға мағлұмат берді.

Университеттің техникалық, ақпараттық-технологиялық ресурстармен жабдықталуы мен модернизациялануы нығайтылып, нәтижесінде білім беру үдерісінің дамытылуы заманауи талаптарға сәйкестендірілгенін тілге тиек еткен  проректор, жиналған қауыммен оқу орнының алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Жоспарда оқытушы-профессорлар үйі, дендропарк, медициналық клиника, жағалаудағы ашық аспан астындағы атриум, кинотеатр, бизнес инкубаторды жүзеге асыруға және білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған технопарк, университет жанындағы зияткерлік мектеп, жастар кешенінің құрылысын салу бар.

Университетте білім беру үдерісі 2 жоғарғы мектеп пен 7 кафедрада 45 мамандық бойынша жүргізіледі. 

Университетті техникалық, ақпараттық-технологиялық ресурстармен жабдықтау мен модернизациялау нығайтылып, нәтижесінде білім беру үдерісінің дамытылуы заманауи талаптарға сәйкестендірілген.

Университет  кампусы 2019 жылы қолданысқа берілді, оның жалпы аумағы – 12 гектар.  

Студенттер заманауи технологиялармен жасақталған 14 қабатты зәулім ғимаратта  білім алуда. 800 орындық 2 жатақхана, 8 жылыжай, спорт кешені жұмыс жасап тұр.

Қазіргі таңда 1200 орындық «Болашақ» Конгресс холлы мен типтік ашық стадион құрылысы аяқталуға жақын.

«Болашақ» құрылымдық бөлімінің студенттері облыстық, республикалық олимпиадаларда бақ сынап, жүлделі орындардан көрініп келеді. Түлектеріміз мамандығына сәйкес қызмет атқаруда.

Шараға өздері оқыған университетті ғана емес, Сыр елінде қалыптасқан білім беру дәстүрін баршаға танытып, ел мерейін өсіріп жүрген Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Абай Тағыберген, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Әліби Басаров, Ғибрат оқу орталығының директоры Сайлау Жарқынбек, Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы, «Жас Алаш» газетінің меншікті тілшісі Нұрбек Дәуренбеков, Қызылорда облыстық қылмыстық департаменті режим және қадағалау тобының аса маңызды уәкілі Асан Темірлан, Байтерек school мектебінің мұғалімі Ақтолқын Асанбекқызы т.б. сынды түлектер де қатысты.