Қызылорда ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімі Филология, журналистика және тарих кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Абдукаликова Алима Жақыпқызы «Ана әлдиі мен мейірімі – бала тәрбиесінің иммунитеті» атты тақырыпта семинар өтті.

Енгізілді: 25.05.2023Қаралғаны: 4210 рет

Қызылорда ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімі Филология, журналистика және тарих кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Абдукаликова Алима Жақыпқызы «Ана әлдиі мен мейірімі – бала тәрбиесінің иммунитеті» атты тақырыпта семинар өтті.

 

Семинардың мақсаты–ұлағатты ұрпақ тәрбиесіндегі отбасы институтының маңыздылығын ескере отырып, отбасы тәрбиесінің қазіргі өзекті мәселелері мен болашағы, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға қоғамның назарын аудару, ортақ шешімдерге уағдаласу.       

Семинарда баланың ақпараттық қауіпсіздігі және цифрлық сауаттылығы, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мәселесі және шешу жолдары, дұрыс тамақтану–ұлт саулығының кепілі, саналы ата-ана –  бақытты бала, педагог мәдениеті–бала тәрбиесіне өнеге т.б. проблемалар талқыланды.   

Алима Жақыпқызы: «Бала тәрбиесінің рухани иммунитеті–тұтас ұлттың, халықтың рухани иммунитеті. Өйткені екеуінің де басты мақсаты – халықтың рухани бірлігін, жан саулығын ұл-қыздардың  жеке бас құндылықтары мен ұлттың құндылықтарының сәйкестігін, үндестігін, бірізділігін қалыптастыру, дамыту. Отбасындағы бала тәрбиесінің сәтті болуы ата-ананың педагогикалық мәдениетінде»,- деп қорытынды жасады.