Қызметкерлер гибридтік конференцияға қатысты

Енгізілді: 25.05.2023Қаралғаны: 3884 рет

Қызметкерлер гибридтік конференцияға қатысты

 

Астана қаласында Назарбаев Университеті мен Азия-Тынық мұхиты мансапты дамыту қауымдастығы (APCDA) алғаш рет бірлескен гибридтік конференция өтті. Шара аясында 80-ге жуық кездесулер өткізілді, оған        28 елден 300-ге тарта қатысушы қатысты.

Бұл гибридтік конференцияға спикерлер ретінде халықаралық мансап орталықтарының басшылары мен кәсіптік бағдар беру саласындағы белгілі сарапшылары қатысып баяндама жасады. Конференцияның сессиясын APCDA президенті Момоко Асака ашып жүргізді. Конференция барысында түлектерді болашаққа дайындау, Жасыл тенденциялар: тұрақты дамудағы мансапты шарлау, Турбулентті кезеңде болашақты болжау: мансаптық дамудың рөлі, Мансаптық дамуға қатысты «Жасанды интеллект» құпиясын ашу, Болашақ трендтер және жұмыс орны атты тақырыптағы баяндамалармен шетелдік Сингапур, Үндістан, Жапония т.б. елдерден қатысты.

Конференцияға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Министр шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды ұйымдастыруды тапсырды, сол арқылы 2029 жылға дейін Қазақстанда өңірлік жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықты күшейтіп, жоғары білім саласындағы маңызды алғы шарттармен басымдықтарды атап өтіп айтты. Саясат Нұрбек сондай-ақ, еліміздің жаңа мамандықтар атласы – болашақта өзектілігін жоғалтпайтын және қажеттілігі  шамалы болып қалатын мамандықтар туралы айта кетті. Осы өткен іс-шараға университеттің қызметкерлері білім алу, білім беру, білгеніңмен бөлісу, тәжірибемен алмасу, және әрі қарай өз өзіңді дамыту – қазіргі заманның басты мақсатының бірі екендігін түсіне отырып қатысып келді. Жоғары оқу орнының әрбір қызметкері ұдайы білімін жаңартып, жетілдіріп, заман талабына сай бейімделіп қалыптаса білуі қажет. Осы бағыттағы жұмыстарды Қызылорда ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімі қарқынды түрде жүргізіп келеді.

Атап айтсақ, «Болашақ» құрылымдық бөлімінің, университеттің тәжірибелі мамандары заң ғылымдарының кандидаты, проректор                        Г.И.Аргинбекова мен экономика ғылымдарының кандидаты кафедра меңгерушісі Г.А.Жусупова Астана қаласында Назарбаев университетінде өткен Халықаралық жаңа форматтағы іс-шараға арнайы шақырылып, қатысып білім алмасты. Аталған шараны шетелдік және отандық тәжірибелері мол, білімді және білікті мамандар өткізіп ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты, жауапкершілікті өзіне ала білу, өз пікірі, ұстанымы бар, мақсатыққа ұмытыла білетін, ынтымақтастыққа әрекет етудің жолдарын үйретіп, түлектерді болашаққа дайындау, мансаптық дамудың рөлін ұғыну, болашақ трендтер және түлектерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша білім алмасу болып табылды. Гибридтік конференцияның аясында шараға қатысқан қонақтар мен қатысушылар, Назарбаев университетінің қызметкерлері мен білім алушыларының әзірлеген мәдени қойылымы мен  қолөнер жәрмеңкесін тамашалап ЖОО өкілдеріне арналған коммуникация бойынша мастер-классқа қатысты. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.