Қызылорда ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімінің студенттерімен Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Енгізілді: 26.05.2023Қаралғаны: 3822 рет

Қызылорда ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімінің студенттерімен Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Қаржы пирамидасы мен алаяқтықтың зардабы  туралы бейнематериалдар көрсетіліп, ҚР ҚМА-нің телеграмм бот қосымшасын пайдалану арқылы қаржы пирамидасы бар компаниялар мен фирмаларды анықтауға болатыны туралы түсіндірді.
 Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде 52 мың желі қолданушысы қаржылық пирамида белгісі бар контентке жазылудан бас тартқаны жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Спикерлер студенттерге қаржылық сауаттылық негіздері туралы дәріс оқумен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі туралы ақпарат беріп, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқыққорғау органдары Академиясына оқуға түсуге шақырды.

Жастардың қаржылық сауаттылығын көтеруге бағытталған және  қаражатын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақыратын мұндай кездесулер келесі оқу жылында да жалғасатын болады.