БІЛІМ КҮНІ ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Енгізілді: 05.09.2023Қаралғаны: 2402 рет

БІЛІМ КҮНІ ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

1-қыркүйек білім күнінде Қызылорда "Болашақ"  университеті білім алушылардың жаңа толқынын құшақ жая қарсы алды.  

Салтанатты шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, әлеуметтік серіктестер, білім алушылар және ата-аналар қатысты.

Өңірдегі 28 жылдық тарихы бар іргелі жоғары оқу орны ілім іздеген жастарды сапалы біліммен, саналы тәрбиемен қамти бермек.

Білім алушыларды университеттің ғылыми жетекшісі, ҚР Ғылым Академиясының академигі Досманбетов Бақберген құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.