FACE TO FACE КЕЗДЕСУ!

Енгізілді: 06.09.2023Қаралғаны: 2373 рет

FACE TO FACE КЕЗДЕСУ!

5 қыркүйек күні Қызылорда «БОЛАШАҚ» университетінің білім алушыларымен «Алматы студенттер альянсы» корпоративтік қорының өкілдері кездесті. Жүздесуде корпоративтік қордың спикерлері Қахар Бақытжан мен Әбдіхан Дина студенттерге білім мен ғылымның ел және тұлғаның дамуындағы маңызды рөлін, бизнес бастау, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту, жұмыспен қамту, сонымен қатар баспаналы болудың басым бағыттарын түсіндірді.

Сондай-ақ, «БОЛАШАҚ», «ДАРЫН», «ULESQOS», «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар келісім шарты» атты мемлекеттік бағдарламаларының жастардың келешегінің кемел, болашағының баянды болуына қандай жол ашып беретіндігі айтылды.