АҚЖОЛТАЙ ЖАҢАЛЫҚ

Енгізілді: 15.09.2023Қаралғаны: 2604 рет

АҚЖОЛТАЙ ЖАҢАЛЫҚ

 

   Қызылорда «Болашақ» университетінің студенті, Мажиев Ислам Саламович гір спортынан Өзбекстан Республикасы Хиуа қаласында өткен әлем чемпионатында жастар арасында 68кг салмақ дәрежесінде жұлқа көтеру жаттығуы бойынша әлем чемпионы атанды. Серпе көтеру жаттығуы бойынша әлем чемпионатының күміс алқасын мойнына тақты. Нәтижесінде әлем чемпионатының 1алтын 1 күміс жүлдесін иеленді.

Қос медаль тек қызылорда «Болашақ» университетінің ғана емес, өңірдің байрақты бәсекелердегі абыройын арттырды және аймақтың спорт саласындағы жетістіктерінің тағы да артқанының дәлелі!