ЧЕМПИОНҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

Енгізілді: 21.09.2023Қаралғаны: 2216 рет

ЧЕМПИОНҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

 

Қызылорда «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі, ҚР Ғылым академиясының академигі, Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы бастаған жоғары оқу орнының басшылары, оқытушы-профессорлары және студенттерінің қатысуымен, гір тасын көтеруден Өзбекстан Республикасында өткен әлем чемпионатының чемпионы әрі күміс медальдің иегері Мажиев Ислам Саламовичпен кездесу ұйымдастырылды.

Жүздесу университеттің артиумында сұрақ-жауап форматында өтті. Чемпионға оқытушылар, студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, болашағынан зор үміт күттіретін ел мақтанышына алдағы өтер байрақты бәсекелерде жеңіс тіледі.

Айта кетейік, Ислам Мажиев Қызылорда «Болашақ» университетінің студенті. Студентке келелі кездесуде Бақберген Сәрсенұлы университеттегі оқуына 100% жеңілдік жасап, сертификатты салтанатты түрде табыс етті.

Шарада чемпион мен жиылған көпке әсем әннен шашу шашылып, соңы естелік суретке түсумен тәмамдалды.