Бүгін біздің қымбатты, құрметті ұстазымыз Бақберген Сәрсенұлының туған күні және біз ағайды шын жүректен құттықтаймыз!!!

Енгізілді: 22.09.2023Қаралғаны: 2317 рет

 

Бүгін біздің қымбатты, құрметті ұстазымыз Бақберген Сәрсенұлының туған күні және біз ағайды шын жүректен құттықтаймыз!!!

 Ағайымыздың жоғары кәсіпқойлығының, көшбасшылық дарынының, ісіне деген сүйіспеншілігі мен адалдығы, стратегиялық көзқарасының арқасында бүгінде Қызылорда «Болашақ» университеті қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі болып табылады, білім беру мен ғылыми-зерттеу саласындағы  инновациялар орталығына айналған және жылдан жылға өз позициясын нығайтып келе жатқан Білім мен Ғылым ошағы.

Бүгінде «Болашақ» университетінде Бақберген Сәрсенұлының жетекшілігімен ғалымдар мен оқытушылардың орасан зор ұжымы еңбек етуде.

Бақберген Сәрсенұлының жігері мен табандылығының арқасында, даму және жаңаруға бағытталған стратегиясының нәтижесінде «Болашақ» университеті өз жұмысын  жүзеге асырып, университет ұжымы заманауи түрлі мамандықтар мен білім беру бағдарламаларын сәтті ашып, игеруге жұмыс жасауда.

Бай өмірлік тәжірибесі, жергілікті және салалық ерекшеліктерді терең білу, шығармашылық және іскерлік белсенділік қасиеттері Бақберген Сәрсенұлына «Болашақ» университетін жоғары оқу орындарының қоғамдастығында табысты болып ілгерілеуіне  септігін тигізіп отыр.

Университеттің ғылым және білім саласындағы жетістіктері, талапкерлердің жыл санап артуы сияқты нәтижелерге қол жеткізіп отырғандығы, Бақберген Сәрсенұлының университет үшін жасап отырған үлкен еңбегі мен тиімді жобаларды жүзеге асыруы арқасында деп айта аламыз.

Бүгінгі таңда «Болашақ» университеті жоғары оқу орнына қойылған талаптарды орындап, студенттерді оқытудың заманауи технологияларымен қамтамасыз етіп,  өз жұмысын жасап келеді.

Университетте әр түлектің кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар беделді тұлға болуына мүмкіндік беретін ерекше атмосфера қалыптасқан. Студенттер үшін маңызды қарым-қатынастың, әлеуметтік көзқарастың және азаматтық парыздың үлгісі болып, әркезде еңбектері ерен, мақсаты биік ұстаздар болып табылады.

Бақберген Сәрсенұлының көптеген қызметкерлер мен студенттердің өмірінде қандай үлкен рөл атқарғанын, бәрімізге қандай үлкен үлгі көрсетіп, туған өлкесі үшін қаншама еңбек сіңіргенін елестету қиын. Ол барлығын өзінің үлгісімен шабыттандырады, Ағайымыз – «Болашақ» университетін құрған және бүгінде оны жетілдіру үшін тынымсыз еңбек жасап жүрген данышпан көшбасшы.

Біз, құрметті Бақберген Сәрсенұлын бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз! Ұстазымызға мықты денсаулық пен төзімділік, барлық игіліктер мен табыстарға қол жеткізіп, сәттілік пен ең батыл шығармашылық жоспарларды жүзеге асыруды тілейміз!

 

 

 

Құрметпен,

«Болашақ» университетінің «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы және студенттері.