ҚАРТЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ ҚАДІРЛІ

Енгізілді: 03.10.2023Қаралғаны: 2163 рет

ҚАРТЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ ҚАДІРЛІ

 

1 қазан–Халықаралық қарттар күні. Осы күн Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылғы қаулысымен арнайы белгіленген болатын. Содан бері мереке елімізде кеңінен аталып өтіліп келеді. Негізінен бұл күн–аға­ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше­мейірімге толы күн.

Айтулы күннің қарсаңында Қызылорда «Болашақ» университетінің ұжымы ардагер ұстаздарға, жоғары оқу орнынындағы білімі мен тәлімі бір бойына ұйысқан оқытушы-профессорларға құрмет көрсетті. Салтанатты шарада университет ректоры Қайрат Бақбергенұлы арнайы шақырылған құрметті қонақтарды марапаттап, ізгі лебізін білдірді. Айта кетейік, қонақтарға университеттің құрылтайшысы Бақберген Сәрсенұлының атынан қаржылай сыйақы да табысталды.

Үлкенге құрмет көрсету, олар салған сара жолды жалғай білу - жас буынға парыз. Бұл парызды Қызылорда «Болашақ» университеті кіршіксіз орындап, ардагерлер мен қарттарға адалдық танытып келеді.