ДІН - ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ, ҰСТАЙ АЛМАСАҢ ҚАСІРЕТІҢ!

Енгізілді: 05.10.2023Қаралғаны: 2098 рет

ДІН - ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ, ҰСТАЙ АЛМАСАҢ ҚАСІРЕТІҢ!

 

Қайсыбір қоғамда адамның өзіне және ұлтына сай дін ұстануы немесе ұстанбауы қалыпты жағдай. Оның жаман-жақсы болуы бұл шартпен өлшенбейді.

Алайда дін атын жамылып, өздерінің жымысқы әрекеттерін жүзеге асыратын топтардың, ұйымдардың қатарында болу-үлкен қасірет.

Жастарды түрлі экстремистік және террористік ұстанымдағы ағымдардың жетегіне еріп кетуден сақтандыру мемлекеттік маңыз ала отырып, жоғары дәрежеде жүргізілуде. Бұл ретте Қызылорда «Болашақ» университеті білім алып жатқан студенттердің санасын сан түрлі теріс топтардан арашалау мақсатында құзырлы органдармен, жергілікті жауапты мамандармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде.

Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімі арнайы ұйымдастырған ақпараттық-түсіндірме жұмысына жоғары оқу орнының білім алушылары қатысты.

Жастар ресурстық орталығында өткен басқосуға РАТТ мүшесі, теолог, Сәкен Салтан Сайранұлы  «Әлеуметтік желі және діни радикализм» тақырыбында дәріс оқып, сан сауалға сүбелі жауап берді.