КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Енгізілді: 05.10.2023Қаралғаны: 2142 рет

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Қызылорда «Болашақ» университетінің қабырғасында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы арнайы келіп, білім алушылар мен оқытушы-профессорлар құрамына «Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2023 ж.ж.)» тақырыбында дәріс оқыды.

Ғалым өз баяндамасында қазіргі кездегі тарих ғылымының дамуындағы тың жаңалықтар мен талаптарға тоқталды. Өзі жетекшілік ететін «Репрессия құрбандарын толық ақтау жөніндегі» комиссияның атқарып жатқан жұмыстарына шолу жасап, тағылымы мол дәрісінде жас ұрпақты ұлттық деңгейде ойлау, мемлекеттік сананы қалыптастыру, өзіндік болмысымызды сақтау сынды қастерлі құндылықтарды дәріптеуге шақырды.

Айта кетейік, Қызылорда «Болашақ» университеті Лесқали Базарғалиұлы секілді еліміздің іргелі ғалымдарымен тығыз байланыс орнатып, өзара тәжірибе алмасуды дәстүрге айналдырған. Алдағы уақытта да, дәл осындай ұлағатты ұстаздардың дәрістері өткізілетін болады.