Монография таныстырылымы өтті

Енгізілді: 09.10.2023Қаралғаны: 2347 рет

Монография таныстырылымы өтті

Өткен жылы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы орталықтарда 3 ынталы ғылыми жоба жұмыстары аяқталған болатын. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ілгерілету мақсатында барлық аяқталған жобалар нәтижелері монографиялар түрінде жазыла бастады. Нәтижесінде «Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологиясын қолдану ерекшеліктері» ынталы жобасы аясында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ойын технологияларын қолдану» монографиясы жарыққа шықты. Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде оның таныстырылымы өтті.

Таныстырылымды «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Насимов жүргізді.