ҰСТАЗЫМ, БАР СЕНІҢ ҚАСИЕТІҢ...

Енгізілді: 09.10.2023Қаралғаны: 2179 рет

ҰСТАЗЫМ, БАР СЕНІҢ ҚАСИЕТІҢ...

 

5 қазан–ұстаздар күні. Барша әлемді білім нәрімен сусындатып жүрген жаны таза, жүрегі мейірімге толы жандарды  Қызылорда «Болашақ» университеті салтанатты шарада марапаттап, құрмет биігіне көтерді.

28 жылдық тарихы бар Қызылорда «Болашақ» университеті оқытушы-профессорлардың бағасын ешқашан түсірген емес. Оларға лайықты әлеуметтік қолдау көрсетіп, әркез марапаттауда. Бұл жолы да университет тарихында тұңғыш рет «Үздік оқытушы» медалі өз иелеріне табысталды.

Үздік оқытушы медалінің иегерлерінің бірі әрі бірегейлері қос бірдей тұлға. Олар: Мұрат Насимов және Қанат Қыпшақбаев. Бұл азаматтар бірнеше жылдан бері оқытушы-профессорлық қызмет атқарып, еліміздің білім жастарының және білікті мамандарының қатарын толықтыруға өлшеусіз үлес қосқан.

Салтанатты шарада өзге де оқытушы профессорларға құрылтайшының қолдауымен қаржылай сыйақы табысталса, университетпен тығыз қарым-қатынастағы жұмыс берушілер де марапатталды.