«JAS.START» жүгіру марафоны

Енгізілді: 09.10.2023Қаралғаны: 2164 рет

«JAS.START» жүгіру марафоны

 

Демеушілердің қолдауымен облыстық жастар ресурстық орталығы Қызылорда облысының 85 жылдығына орай «JAS.START» жүгіру марафонын ұйымдастырды.

Қатысушылар онлайн тіркеліп, 14-34 жас аралығындағы ниет білдірген 600 ерікті жас қатысты. Аймақ жастарымен қатар Татарстан Республикасының Казан қаласынан 1 жас, Орал қаласынан 1 жас, Шымкент, Тараз, Алматы облыстарынан 8 жас жарыста бақ сынады.

Нәтижесінде, ерлер арасында жүлделі І орын - Тараз қаласының  2005 жылғы тұрғыны 086 нөмірлі қатысушы Кулыгин Ринат Александровичке бұйырса, жүлделі ІІ орын-Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының 1993 жылғы тұрғыны 098 нөмірлі қатысушысы Илясов Баубек иеленді, ал жүлделі ІІІ орын-Алматы қаласының  1998 жылғы тұрғыны 153 нөмерлі қатысушы Сексембай Нұрысбекке бұйырды.

Әйелдер арасында Шымкент қаласының 2006 жылғы тұрғыны 113 нөмірлі қатысушысы Досметова Сарвиноз жүлделі І орынды иеленсе, жүлделі ІІ, ІІІ орындар Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының 2009 жылғы тұрғындары, 127 және 128 нөмерлі қатысушылары Мырзашқызы Сымбат, Мырзашқызы Қымбат атты егіздерге бұйырды.

Айта кетейік, марафонға Қызылорда «Болашақ» университетінен-37 білім алушы, «Болашақ» университетінің жоғары колледжінен-30, «Болашақ» университетінің жоғары медициналық колледжінен-30 білім алушы қатысты. Мұндай спорттыұ және мәдени ісшараларға университет пен қос колледждің студенттері белсене қатысады. Сол арқылы облыс пен қаланың қоғамдық өміріне өзіндік өшпес іздерін қалдырады.