ЕСІМІҢ ЕЛ ЕСІНДЕ, АРДАҚТЫ ҰСТАЗ!

Енгізілді: 09.10.2023Қаралғаны: 2177 рет

ЕСІМІҢ ЕЛ ЕСІНДЕ, АРДАҚТЫ ҰСТАЗ!

 

Қызылорда «Болашақ» университеті 7 қазан күні, жоғары оқу орнының негізін қалаушы, философия ғылымдарының PhD докторы, жоғары дәрежелі ғалым, ұлағатты ұстаз, Досманбетова Зейнегүл Рамазанқызын еске алуға арналған, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары арасында баскетбол және воллейболдан, суға жүзуден дәстүрлі турнир өткізді.

Турнирге барлығы 4 команда қатысты. Олар: И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық колледжі, М.Мәметова атындағы педегогикалық жоғары колледжі, Қызылорда «Болашақ» университеті және Қызылорда гуманитарлы-экономикалық колледжі. Сайысқа қатысушыларды Қызылорда «Болашақ» университетінің ректоры Қайрат Бақбергенұлы турнирдің ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша, командалық есепте бабы мен бағы қатар шапқан И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық колледж 1-орынды иеленіп, бас кубокты алса, екінші орын және кубок М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледж еншісінде, үздік үштікті Қызылорда «Болашақ» уиверситеті қорытындылап, кіші кубокты қанжығасына байлады.