«Аймақтың су шаруашылығы проблемалары және экологиялық аспектілері» тақырыбындағы дәріс тыңдалды

Енгізілді: 10.10.2023Өзгертілді: 23.10.2023Қаралғаны: 998 рет

   2023 жылдың 10 қазаны күні «Болашақ» университетінің «Жаратылыстану және спорт» кафедасының профессор-оқытушыларының ұйымдастырумен университеттің конференц залында «Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ-нің» бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлының  «Аймақтың су шаруашылығы проблемалары және экологиялық аспектілері» тақырыбындағы дәрісі тыңдалды. Дәріске профессор-оқытушылармен бірге кафедраға қарасты мамандықтардың  білім алушылары қатысты. Дәріс барысында лектор Қызылорда облысында қалыптасқан су проблемаларына тоқталып, оның себептері, салдары және ол проблемаларды жою жөнінде толықққанды ғылыми тұрғыда әр түрлі деректер келтіре отырып түсінік берді. Дәріс соңында лектор оқытушылар мен студенттердің қойған сұрақтарына тұшымды жауап бере отырып, олардың осы проблемаға байланысты ғылыми-танымдық көзқарастарын онан әрі дамытты.