Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Енгізілді: 10.10.2023Қаралғаны: 966 рет

        2023 жылдың 10-шы қазан күні Қарттар үйінде «Педагогика және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Ұ.Ж.Жүнісова ұйымдастырумен БОПӘ-20 оқу тобының білім алушыларының қатысуымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты  тәрбие сағатын ұйымдастырды.

        Халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата–бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт–дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне, өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі.

       Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді.Жиын барысында  білім алушылар өз өнерлерін ортаға салып,мың бұрала билеп, ән айтып,көрініс көрсетіп және домбырада күйлер тартылды.Іс-шараға «Педагогика және өнер» кафедрасының меңгерушісі Есенова Р.К. мен  оқытушылар қауымы және мекеме басшысының орынбасары Аққалиев А.Ж. қатысып, асыл қазыналарымыз қарттарға  алғысын білдіре  сыйлықтарын табыс етті.

      Мерекелік іс-шараға қарттар белсене ат салысып,  өз жылы  лебізін білдірді.