KYZYLORDA HUB БИЗНЕС ИНКУБАТОРЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Енгізілді: 10.10.2023Өзгертілді: 24.10.2023Қаралғаны: 1012 рет

  Инновациялық стартаптар мен кәсіпкерлік бастамаларды ресурстармен, біліммен және  қолдаумен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған  STARTUP JOLY  инкубациялық бағдарламасы аясында ДЕМО  ДАУ өткізілген болатын. Алты апта  менторлар, бизнес-тренерлермен бірге жұмыс жасаған өңіріміздің жастары, жобаға қатысушылар инвесторлар алдында жобаларын ұсынып таныстырды. Осы сынға  «Болашақ» Университетінің «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының  «Құқық қорғау қызметі» мамандығының 1 курс білімалушысы Сүндетова Әсел бақ  сынады.

    Жоба жеңімпаздарына Үздік жобаларға арналған 500 мыңға  дейінгі  сыйлықтар  мен гранттық бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін беретін, арнайы сертификатка ие болу мүмкіндіктері қарастырылған болатын. Кафедра білімалушысы Сүндетова Әсел де сыйлық иегері ретінде жеңімпаздар қатарынан көрініп, арнайы сертификатпен марапатталды.