БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Енгізілді: 18.10.2023Қаралғаны: 1114 рет

     Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Қызылорда қаласының мансап орталығы» филиалы қала бойынша жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларды мемлкеттің қолдау шараларына қатыстыру мақсатында 18 қазан күні Ә.Тәжібаев кітапханасында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті.

     Аталған шараға Қызылорда «Болашақ» университетінің ұжымы арнайы шақыртылып, жоғары оқу орны тарапынан келушілерге бос жұмыс орындары ұсынылды. Университеттен арнайы қатысқан мамандар келушілерге «Болашақтағы» барлық басымдықтар мен мүмкіндіктер түсіндірілді.