ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КОМПЬЮТЕРЛІК МАТЕМАТИКАНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ОҚЫЛДЫ.

Енгізілді: 18.10.2023Қаралғаны: 1078 рет

        «Болашақ» университетінің «Математика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының  аға оқытушысы, ж.ғ.м. Усайнова Гүлжамал Манатбекқызы  2023 жылдың 18 қазан күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Физика және математика» кафедрасына қарасты М-22-1м оқу тобының магистранттарына «Компьютерлік математиканың бағдарламалық жүйелерін математиканы оқытуда қолдану» тақырыбында дәріс оқыды.

    Гүлжамал Манатбекқызы білім алушыларды  математиканы оқытуда қолданылатын  бағдарламалық жүйелер туралы ақпаратпен таныстырып, оларды компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып математика сабағында көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету мен бағалаудың жолдарымен бөлісті. Лектор осындай атаулы компьютерлік бағдарламаларды математика пәнін оқытуда тиімді пайдалану арқылы сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығына магистранттардың назарын аударды.

     Дәріс соңында білім алушылармен пікір алмасу жүргізілді. Олар тақырыпқа жоғары деңгейде қызығушылық танытты. Осындай бағдарламалардың қазіргі таңда өте қажет екенін тілге тиек ете келе, магистранттар лекторға алғыс білдірді.