Қызылорда «Болашақ» университетінің түлектермен байланысы

Енгізілді: 18.10.2023Қаралғаны: 1060 рет

    Жоғары оқу орнының  басты көрсеткіштерінің бірі – түлектердің жұмыспен қамтылуы. Қызылорда «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша бітірген (Нурышбекова Нургуль Кожабековна 2011ж., Курмантаева Гульнара Сахиевна 2015ж.) түлектері бүгінде №264 Т.Есетов атындағы мектеп-гимназиясының кітапханасында қызмет жасап келеді.

      Тәжірибе алмасу мақсатында университеттің аға оқытушысы Абенова Жамал Ануаровна  аталған мектеп-гимназияның директоры Тумурзаев Бек Султанбековичпен  кездесіп, кітапхананың жұмысын  одан әрі жетілдіру жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар мектеп кітапханасының коворкинг орталығы, электронды кітапхана, букроссингын аралап, Қызылорда «Болашақ» университетінен алған білімдерін өндірісте табысты іске асырып, әлем кітапханаларының жаңалықтарынан қалыспай еңбектеніп жатқандарына шын көңілден қуанып, көкейлерінде жүрген мәселелерін тыңдады. Кітап арқылы мектеп оқушыларының ізденіп, танымының одан әрі кеңеюіне үлес қосып, сонымен қатар іс-шаралардың заманауи түрлерін өткізу арқылы оқуға баулуды негізгі міндеті етіп алған кітапханашыларға Жамал Ануаровна көптеген кеңестер берді. Кітапханалардың басшылыққа алатын негізгі құжаттары жөнінде де пікір алмасты. Кітапханашы-түлектер де кәсіби байланыстың үзілмей, одан әрі жалғасын тапса деген игі ниеттерін жеткізді