Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, э.ғ.к.М.Ә.Өмірзақова «Кәсіпкерлер-жасампаз инноваторлар» тақырыбында дәріс оқыды

Енгізілді: 20.10.2023Қаралғаны: 1110 рет

    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Өмірзақова Меруерт Әбдуәліқызы  экономикалық  бағытта оқитын білім алушыларға «Кәсіпкерлер-жасампаз инноваторлар» тақырыбында  дәріс оқыды.

       Дәрісте кәсіпкерлік қызметтің дамуы, кәсіпкерліктің дамуына қажетті орталар, кәсіпкерге тән қасиеттер, инновaциялық кәсіпкерлік, жаңа идеялар іздеу, бизнес–инкубаторлар, отбасылық бизнес, отбасылық бизнесті қалыптастыру және дамыту, отбасылық бизнестің тиімділігі туралы сұрақтар қарастырылып, білім алушылардың қойған сұрақтарына жауап берілді. Сонымен бірге, білім алушылармен «Жаңаша ойлауды дамыту» атты креатив ойлау қабілетін дамыту үшін жаттығулар орындалды.