КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС

Енгізілді: 23.10.2023Қаралғаны: 1204 рет

      М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде басшылық қызмет  атқарған ұлағатты ұстаз, ҚР еңбегі сіңген мұғалімі Ұлмекен Рысбекованы
еске алуға арналған «Өмірі – өнеге, ғұмыры – ғибрат» атты рухани танымдық кеш өтті.

      Шара барысында «Қалдырған ізің мәңгілік» атты облыстық жыр мүшәйрасы өтті. Болашақ университетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к Нұрлан Нұрмаханов бастаған қазылар алқасы жыр додасына қатысқан 12 жас ақынның өлеңдерін сарапқа салды.  Мүшәйра қорытындысы бойынша бас жүлдені Болашақ колледжінің студенті Нұрсұлтан Досмайылов, жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар диплом және алғыс хаттармен марапатталды.