МЕКТЕППЕН БАЙЛАНЫС

Енгізілді: 23.10.2023Қаралғаны: 1247 рет

          25 қазан Республика күні қарсаңында Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен  Абылай хан атындағы №140 орта мектебінде «Мерейі үстем, туы биік Қазақстан» тақырыбында кездесу болып өтті.

         Шара Қызылорда облысының 85 жылдығына орай архив қоры құжаттарынан дайындалған «Қызылорда облысына–85 жыл» атты көрмені таныстырудан басталды.

         Кездесуге Болашақ университетінің оқытушылары,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері,  Қызылорда облысының Құрметті азаматы Әбдіқалықова Әлима Жақыпқызы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрмаханов Нұрлан Көбегенұлы қатысты.

        Шара барысында университет ғалымдары алдына мақсат қойған жігерлі жастарды тәрбиелеу мен қолдауда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, оқушыларды жігерлендіре сөз сөйледі.