Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде «Аутизм спектрінің бұзылуы бар балалардың түсінік деңгейін қалыптастыру» тақырыбындағы Қызылорда облысы білім басқармасының “Асыл Мирас” аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығының мамандары дәріс өткізді.

Енгізілді: 12.10.2023Қаралғаны: 1227 рет

      Қызылорда «Болашақ» университетінде 2023 жылдың 12 қазанында «Аутизм спектрінің бұзылуы бар балалардың түсінік деңгейін қалыптастыру» тақырыбындаҚызылорда облысы білім басқармасының “Асыл Мирас” аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығының тәжірибелі педагогтар А.Б.Кәрімбаева және С.Д.Муратбаева «Арнайы педагогика және психология» кафедрасына қарасты Дефектология, Логопедия, Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының білім алушыларына дәріс өткізді.

     Іс-шара барысында аутистік бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық сауықтырудың мақсаты, міндеті, айқындамалары, клиникалық-психологиялық мінездемелері, жұмыстың бастапқы сатысында аутистік бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы дамыту тақырыптары аясында дәріс жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Білім алушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, белсене қатысып, барлық сауалдарына мамандар нақты әрі толық ақпарат берді.