БУЛЛИНГКЕ БАҒЫНБА, БАҒЫНДЫР!

Енгізілді: 11.10.2023Қаралғаны: 1153 рет

         Кибер және кәдуілгі буллинг- қазіргі қазақстандық қоғамның жастары арасындағы дәрусіз дертке айналып бара жатыр. Оның құрбандары замандастары тарапынан түрлі қысымдар көріп, тіпті өз-өздеріне қол жұмсауға дейін баруда. Пендені парықсыз етер препараты болмасада, бүгінгі күні бұл проблема өзіне назар аударуға мәжбүрлеуде.
Дәл осы ретте, Қызылорда «Болашақ» университетінде мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауындағы тапсырмасына сәйкес «Жастар Рухы» Жастар қанаты, Қызылорда облысы бойынша филиалы оқытушы-профессорлар және студенттердің қатысуымен буллинг және интернет кеңістіктен тыс жағдайда өзін-өзі ұстауға байланысты оқыту семинарын өткізді.  Басқосуда буллинг пен әлеуметтік желілердегі негативті ақпараттар мен арандатушылардың айла-әрекеттерінен қалай қорғану керектігі түсіндірілді.

    Айта кетейік, жиында «Жастар Рухы» Жастар қанаты, Қызылорда «Болашақ» университетінің бөлім басшысы болып Туреев Тамерлан Серикович сайланды.