«ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

Енгізілді: 20.10.2023Қаралғаны: 1322 рет

    Бүгін Қызылорда Болашақ университеті, "Арнайы педагогика және психология" кафедрасының филиалы орналасқан Қызылорда білім басқармасының №1 Облыстық балалар оңалту орталығында кафедраның аға оқытушылары Айнұр Бақытбайқызы, Сандуғаш Зиядинқызы «Ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналарына педагогикалық-психологиялық қолдау» тақырыбында семинар-тренингін өткізді.
        Тренингтің мақсаты: ата-аналарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсете отырып, баланы қоғамға біріктіру. Тренинг барысында, ата-аналар белсенділік көрсетіп, жаңа мәліметтер алды. Тренинг бірнеше кезеңдерді қамтыды. Атап айтсақ: логопедтің кеңесі, дефектологтардың жұмысы, психологтың қолдауы жайында мәліметтер айтылды.