БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АДАПТАЦИЯ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Енгізілді: 02.09.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1999 рет

Бүгін 1 курсқа түскен студенттеріміз үшін АДАПТАЦИЯ КҮНІН өткіздік. Мақсаты - жаңа түскен студенттерімізді университетпен жақын таныстыру, моральды-психологиялық қолдау көрсету, жаңа оқу жылына дайындалу. Шара аясында жастар университетіміздің музейлерімен, акт залымен, мәжіліс залымен, спорттық залымен, асханамен, студиямен, жатақханамен, оқу дәрісханаларымен, сонымен қатар сол жағалаудағы бой көтерген жаңа кампуспен, жастар ресурстық орталығымен танысып шықты.