ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰМАРЫМ

Енгізілді: 24.10.2023Қаралғаны: 1295 рет

     Қызылорда «Болашақ» университетінде 25 қазан-Республика күні жоғары деңгейде аталып өтті. Мемлекеттік мереке аясында Қосбармақова Дәмелі Біркебайқызы, Бақалбаева Гүлшат Аққұлқызы және бірқатар тұлға алғыс хаттармен марапатталды.

    Салтанатты шара патриоттық сарындағы әсем әнмен әрленіп, жоғары оқу орны оқытушы-профессорларының көркем өнерімен көмкерілді.
2022 жылдың 29 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған еді. Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні бекітілді.