ҚОНАҚ ДӘРІСТЕР ӨТКІЗІЛДІ

Енгізілді: 26.10.2023Қаралғаны: 1224 рет

    Бүгін 26-шы қазанда Қызылорда «Болашақ» Университетінің «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен  «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына Қызылорда облысы Полиция Департаментінің тергеушілері, Тергеу Басқармасының аға тергеушісі полиция  майоры  Бекболатов Жасұлан Таубайұлы мен тергеуші, полиция капитаны Әділова Айгүл Орынбасарқызы студенттерге «Жаңа заңнамаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар» атты және соңғы уақытта қоғамда кездесіп отырған келеңсіздік жағдайына байланысты «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты тақырыптарда дәріс сабақтарын өткізді. ІІО тергеу саласының қызметкерлерінің дәрістері барысында аталған тақырыптар аясында интернет-алаяқтық қылмыстар, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстарды болдырмау сияқты мәселелер бойынша білімалушылар арасында талқылаулар туындап,осы тақырыптарға түсіндірме жүргізілді.