«ЖӘДІГЕР» ЖОБАЛЫҚ ІС ШАРА АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН САЙЫС ӨТТІ

Енгізілді: 27.10.2023Өзгертілді: 01.11.2023Қаралғаны: 1410 рет

 

 

 

    Бүгін 27-ші қазанда  «Болашақ» Университетінің  «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының ЮП-22 оқу тобының  2-ші курс білім алушылары  Талғатқызы Динара және Жақсылыққызы Айжүрек  «Жәдігер» жобалық іс шара аясында  мұражайдың ұйымдастырған сайысына қатысты. Білім алушылар тарихы  терең көне заттарды халық алдына алып шығып, олардың тарихымен таныстырды.

    Бұл іс-шараға  басқада оқу орындарының студенттері қатысты. Іргелі оқу орнының есігін қуана ашқан жас студенттер  тарихи музейге келіп, сабақтан тыс уақыттарын мемориалдық, тарихи кабинеттерде болып, көптеген  құнды мағлұматтар алып жүр.Жиналған қауым бағалы жәдігерлерді көріп, олардың тарихы мен танысып, ерекше әсерге бөленді.

     Білім алушыларды мұражай қызметкерлері жобаға қатысуларымен құттықтап, құттықтау сөз сөйледі.