ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗБЕН ЖҮЗДЕСУ

Енгізілді: 01.11.2023Қаралғаны: 1402 рет

    Қызылорда «Болашақ» университетінің «Филология, журналистика және тарих» кафедрасының аға оқытушысы Шаймағанбетова Қадіркүл Бердібекқызы Әли Мүсілімұлы атындағы 101 мектеп-лицейдің «Педагог» сыныбы оқушылары және  жас мамандарымен сұқбаттасып, пікір алмасты.

   «Педагог-ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын» тақырыбындағы қонақ лекцияда мұғалім мамандығының тарихы, педагогикалық қызметтің ерекшелігі, мұғалім мамандығының артықшылықтары туралы сөз қозғалды.

       «Педагог» сыныбы оқушылары, жас мамандар, тәжірибелі ұстаздар, мектеп басшысы Айгүл Алтынбекқызы өз ойларын ортаға салып, ашық әңгіме, еркін сұқбат жүргізілді.