«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН ҚАЖ МЕКЕМЕСІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Енгізілді: 01.11.2023Өзгертілді: 10.11.2023Қаралғаны: 1435 рет

 

 

 

 

 

     Бүгін Қызылорда қаласында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің режим және қадағалау тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, Әділет подполковнигі, заңтану магистрі Наурызбаев Бахыт Абибуллаұлы  «Болашақ» университетінің  студенттерімен  ҚАЖ мекемесінде кездесу  өткізді.
        Іс-шараға «Болашақ» университетінің студенттері мен жетекші мұғалімдері  қатысты.
Кездесу барысында тәжірибе маманы  студенттерді мекемемен және оның құрылымымен таныстырып,  студенттер мен жасөспірімдердің арасында болатын құқық бұзушылықтардың салдары келешекте өздерінің өмірлеріне кері әсерін тигізетінін түсіндіріп, ҚАЖ пробациялық бақылау, штабтық қызмет пен режим,қадағалау және күзет, сонымен қатар қылмыстық атқару жүйесінде қолданылып жатқан заманауи технологиялар мен жаңа ақпараттық сервистеріне тоқталды

   Кездесуде Наурызбаев Бахыт Абибуллаұлы  кездесуге қатысқан студенттер мен мұғалімдердің  қойған  сұрақтарына  жауап  беріп, студенттер тарапынан қызығушылық туындатқан тақырыптар  аясында  өзара пікір алмасты.

    Іс-шара соңында университет мұғалімдері мен студенттер  кездесуді ұйымдастырған тәжірибе маманына ризашылығын білдірді.