ӘДЕМІ ӘН САЙЫСЫ

Енгізілді: 09.11.2023Қаралғаны: 1565 рет

ӘДЕМІ ӘН САЙЫСЫ

 

Қызылорда «Болашақ» университетінің ұйымдастыруымен талантты да, талапты студенттердің KARAOKE FEST ән сайысы өтті. Әнді Абайша сүйемін деген сенімдегі бірнеше талапкердің арасынан ең үздік 7 білім алушы арнайы таңдап алынды.

Сайысқа қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде қазақтың халық әндерін орындаса, екінші турда қазіргі кездегі ХИТ туындыларды шырқады. Ал соңғы кезеңде шетелдік әндерді айтып, өз өнерлерін ортаға салды.

KARAOKE FESTте қатысушылардың лайықты бағаларын берген әділ қазылардың әділ шешімі бойынша:

1-орын Салмырза Ердәулет 20 мың теңге.

2-орын Сағидулаев Арсен 15 мың теңге

3-орын Бакытбек Әлібек 10 мың теңге.

Өзге катысушылар бірнеше номинация бойынша марапатталды, шара катысушылардың орындауындағы Достығымыз жарасқан әнімен аякталды.