МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ-ОЛ ӨМІР ЖОЛЫНЫҢ СӘТТІЛІГІ.

Енгізілді: 10.11.2023Қаралғаны: 1459 рет

Бүгін Қаламыздағы №8 Полина Осипенко атындағы мектеп әкімшілігінің шақыруымен 11сынып оқушыларының  "Мамандық таңдау-өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау"атты әртүрлі сала мамандарымен кездесу кеші өтті.

Кездесу кешін мектеп директоры Айнұр Құрманғазықызы ашып, мамандық таңдаудың адам өмірінде алатын ерекше орны бар екеніне тоқталды.

Кездесу барысында мектеп оқушыларына Мұғалім кәсібінің ерекшеліктері жайлы арнайы слайдтар мен Қызылорда "БОЛАШАҚ" университеті туралы толық мағлұмат берілді және университет өмірінен мәлімет берілген брошюра таратылып, видеоролик көрсетілді.

Оқушылар мен ұстаздар тарапынан қызығушылық бағытында сұрақтар қойылып,жауабы алынды.

Кеш барысында 9б сынып оқушысы Тимур Аружан ән шашуын арнаса, мектеп психологы Айтбай Мөлдір сергіту сәтін ұйымдастырды. Оқушыларға мотивация беру мақсатында, қонақтардың ақ тілектері жазылған шағын блокноттар таратылды.