Ташкент қаржы институтының профессоры Омонов Акром Абдиназарович ашық онлайн-дәріс өткізді

Енгізілді: 10.11.2023Қаралғаны: 1445 рет

   Бүгін "Болашақ" университетінде экономика ғылымдарының докторы, Ташкент қаржы институтының профессоры Омонов Акром Абдиназарович "Өзбекстанның банк жүйесін мысалға ала отырып турбуленттілік жағдайында коммерциялық банктер активтерінің сапасын арттырудың және тұрақты қаржы ресурстарын тартудың өзекті мәселелері" тақырыбында ашық онлайн-дәріс өткізді. Іс-шараның ұйымдастырушысы "Экономика, аудит, бизнес және басқару" кафедрасы болды.  Лекция барысында келесідей мәселелер қаралды: 2017-2022 жылдары Өзбекстан Республикасының банк жүйесінде жүзеге асырылған реформалар, банк жүйесіндегі өзекті міндеттер, активтердің сапасын арттырудың және банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтудың негізгі бағыттары. Дәріс диалог режимінде өтті, екі мемлекеттің банк жүйесін салыстыру туралы талқылау жүргізілді. Бұл іс-шара студенттер үшін де, университет оқытушылары үшін де пайдалы және танымдық болды.