Тәжірибе алмасу және академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатындағы кездесу

Енгізілді: 20.11.2023Қаралғаны: 1365 рет

     2023 жылғы 20 қарашада  Қызылорда «Болашақ» университетінде тәжірибе алмасу және академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Тұран университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Қуанова Сәуле Байтөреқызы  «Жоғары оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту стратегияларын жүзеге асыру» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

       Дәріс барысында Сәуле Байтөреқызы  тақырып бойынша теория мен практиканы ұштастырып, кері байланыс жасау арқылы білім алушыларды ерекше қызықтыра білді.  Сонымен бірге, университеттің «Педагогика және өнер», «Математика және ақпараттық технологиялар» кафедраларының профессор оқытушылар құрамымен тәжірибеде кездесетін мәселелер туралы пікір алмасты.